Т.Шонанұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп тарихы
Мектептің арғы негізі өткен ғасырдың 1910 жылдардан бастау алады. Әйтсе де, бастауыш мектеп болып қалыптасуы бертінірек кезеңмен айтылады. 1930 жылдары осы төңіректегі белгілі оқу ошағына айналды.
1935 жылы Жаңабірлік жеті жылдық мектебі болып құрылды. Директоры Аймағанбетов Абдолла. Алғашқы мұғалімдерінің бірі Меңдібай Тәжікеев. Кейін мектепке Коминтерн аты беріліп, 1960 жылдарға дейін жетіжылдық мектеп болып жұмыс жасады. 1960-1968 жылдар аралығында сегіз жылдық мектеп болды. 1969 жылдан бастап Коминтерн орта мектебі, 1996 жылдан бастап премьер министр Әкежан Қажыгелдиннің №384Қаулысы негізінде Т.Шонанұлы атындағы орта мектебі атауын иемденді. 1975-1976 оқу жылында жаңа мектеп ғимаратына көшіріліп, талай шәкіртті ұшырған алтын ұяға 2014 жылы қыркүйек айында жаңа екі қабатты, заманауи мектеп ғимараты берілді. Мектеп алдындағы Т.Шонанұлы ескерткішін 1977 жылғы туылған түлектер мектепке сыйға тартты. Бүгінде мектеп ауласы жайқалған жеміс ағаштарымен, қараағаш, қайың, қарағайымен әдемі болып, жасыл желекке бөленіп тұр. Әр жылдарда мектепке ағаш көшеттерімен демеушілік жасаған Ермаханов Боран, Мамбетов Сейдкарім сынды түлектер болатын.
2018 жылы мектеп жанынан Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында «Салауатты болашақ» топтамасы бойынша облыс мектептері жанынан жетпістен астам спорттық алаңын салу жобасы негізінде спорттық алаң ашылды.
Мектептің 1930 жылдардағы мұғалімдері Абдолла Аймағанбетов, Меңдібай Тәжікеев, Тиышбай Ділманов, Қалдан Тәжіғұлов, Боранбай Блиев, Жақсылық Қарғабаев, тб.
Сұлтан Хамзин, Шүрен Қарабалаев сол кездегі мұғалімдер. Арзымбетов Бақытжан соғыстан оралмаған. Жамбаспаев Қуандық, Жолдыбаев Сәрсенбі сияқты ұстаздар 1940 жылға дейін еңбек етті. 1939-1940 жылдарда мектепке Блиев Боранбай директор болды. 1942 жылдан бастап Сәрібаев Бекнияз , Мырзағалиева Мүслима, Қонабаев Қартбай, Жылқаманова Тойған, Жақсылықова Сақыш, Сарымсақова Кабира, Бөлебаева Лайық 1943 жылдан бастап Күндолов Құбай, Дүкенбаева Ханым, Сарыбаев Махамбет тб мұғалімдік қызметке келді. 1952 жылдан мектепке Ержан Жақсылықов басшылық етті. Арасында Тәжіғұлов Әмірхан басқарды. Жақсылықов Ержан, Тәжіғұлов Әмірхан 1952-1965 жылдар аралығында,Жүсіпов Мейірхан1965-1970 жылдары,Дүйжанов Қайыр 1970-1973 жылдар аралығында,1973-1978 жылдары Есенов Қуаныш, 1978-1984 жылдары Айтқұлов Қуаныш, 1985-1988 жылдар аралығындаСәрсенбин Қуандық, Шайқақова Ырысты 1988-1993 басшылық етті. 1993-2010 жылдар аралығында Балданов Бекболат басқарды. 2010-2023жылдар аралығында Машина Венера мектеп директоры қызметін атқарса,2023-2024 жылдары мектеп директорының МУА Хамза Мұратбек болды.2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін мектепті Айтқұлова Ляззат басқарып келеді.




